Павлодар облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті Май ауданына бару аясында мұғалімдермен және ата-аналар қоғамының өкілдерімен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында аудан бойынша білім беру сапасының мәселелері, білім беру жүйесіндегі өзгерістер талқыланды, сондай-ақ өңірдің проблемалық мәселелері айқындалды.
Ата-аналар кеңесінің өкілдерімен мектептердегі «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасына қатысты мәселелер және осы бағыттағы мектептердегі оң үрдістер туралы мәселелер талқыланды.