2025 жылдың 11 наурызында Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың қорытындысы бойынша Май ауданының мектеп басшыларымен семинар өткізілді.
Білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж. К. Муликова мемлекеттік аттестаттау қорытындыларына егжей-тегжейлі тоқталып, анықталған сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды көрсетті. Мемлекеттік бақылау шаралары бойынша проблемалық сұрақтар мен сұрақтарға жауаптар қаралды.