
Ағымдағы жылдың 4 наурызында департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес «Железин ауданында БССҚД күні» диалогтық алаңы форматында білім беру бөлімінің қызметкерлерімен және білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттауды өткізу қорытындыларымен танысты, сондай-ақ ағымдағы жылы аттестаттаудан өту үшін ұсынымдар алды.
Департамент басшысы Г.К. Уздембаева өз сөзінде білім беру ұйымдарында білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша басым бағыттарды белгілеп, басшылардың назарын білім беру саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді сақтау міндеттеріне аударды.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға департамент қызметкерлерінен тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.