Департамент базасында білім басқармасы басшылығының және облыс колледждері өкілдерінің қатысуымен кеңесі өткізілді.

Департамент базасында білім басқармасы басшылығының және облыс колледждері өкілдерінің қатысуымен кеңесі өткізілді.

         2025 жылғы 18 ақпанда Департамент базасында білім басқармасы басшылығының және облыс колледждері өкілдерінің қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кездесу барысында лицензиялар мен қосымшаларды қайта ресімдеу бойынша ағымдағы жағдай қаралды.

Колледждердің қосымша алуға өтініш беруіндегі бұзушылықтардың негізгі себептері талқыланды.

Сондай-ақ жатақханалардың қызметі, мемлекеттік тапсырысты бөлу, колледждердің салалық аккредиттеуден өтуі бойынша өзекті мәселелер қаралды.

Өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау және дамыту мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл перспективалары қаралды.