2025 жылғы 4 ақпанда Департамент мамандары облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізді. Кездесу бейнеконференция режимінде өтті.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын қолданысқа енгізілуіне байланысты лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу рәсімінің өткізілуі туралы ақпарат колледж директорларының назарына жеткізілді.
Қайта ресімдеу рәсімі білім беру басқармасы әзірлеген кестеге сәйкес жүргізіледі.