Департамент басшысы жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру мәселесі бойынша облыс әкімінің кеңесіне қатысты

Департамент басшысы жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру мәселесі бойынша облыс әкімінің кеңесіне қатысты

2025 жылғы 21 қаңтарда Департамент басшысы Г.К. Уздембаева жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру мәселесі бойынша облыс әкімінің кеңесіне қатысты.
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Жиналыста білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина кәсіптік білім беру мәртебесін арттыру туралы баяндама жасады.
Биыл колледждердің материалдық-техникалық базасы едәуір нығаяды, колледждерге қамқоршы кәсіпорындардың саны көбейеді. Сондай-ақ «ERG» компаниясымен жасалған меморандум аясында «WorldSkills» болашақ чемпиондар мектебі» қағидаты бойынша үздік педагогтар мен студенттер үшін шетелде тағылымдамалар ұйымдастырылады, мектептерде «Enbek Hub» оқу шеберханалары ашылады. Сондай-ақ, жалпы орта білім беру ұйымдарында 50 бейіндік сынып ашылады.
Асайын Байханов «Жаңа мамандықтар мен құзыреттердің өңірлік атласы» жобасын іске асыру аясында кәсіптік бағдарлау жұмысында, мектептер, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы өзара қарым-қатынастың перспективалық моделінде жаңа тәсілдердің қажеттілігін атап өтті.
Облыс әкімі білім басқармасына салалық басқармалармен, қалалар мен аудандардың әкімдерімен, жоғары оқу орындарымен, кәсіподақ орталығымен және кәсіпорындармен бірлесіп жыл соңына дейін Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі өңірлік жоспарлардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.