Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырыс

Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырыс

2024 жылғы 17 желтоқсанда Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілді.
Осы отырыста педагогтардың педагогикалық әдеп нормаларын бұзу мәселелері бойынша Департаментке түскен екі өтініш қаралды. Кеңес отырысына білім беру ұйымдарының басшылары, білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ өтініште көрсетілген педагогтер шақырылды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген педагогикалық әдеп қағидаларының 3-тарауының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 «Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта: 1) педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтайды», жоғарыда аталған тармақтың 4) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді» және «...өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады».