
Департамент басшысы Г.К. Уздембаева Павлодар облыстық прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандарға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық кеңестің жұмысына қатысты. Аталған кеңес Павлодар облысы прокурорының орынбасары Б.А. Ертаев пен Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.К. Маликованың төрағалығымен өтті.
Кеңес жұмысына денсаулық сақтау, әлеуметтік сала органдарының басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарының басшылары, сондай-ақ «Отбасы және балалар. Павлодар» қоғамдық бірлестік және Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі.
Негізгі баяндамамен Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі А.К. Атикеев өз сөзінде жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарын, сондай-ақ әлеуметтік қорғау ұйымдарын тексеру қорытындыларына егжей-тегжейлі тоқталды.
Облыстың Бала құқықтары жөніндегі уәкілі С.С. Шакенева жедел ден қоюды және шешуді талап ететін негізгі проблемалық мәселелерді айтты.