Департамент қызметкерлерімен жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасы талқыланды

Департамент қызметкерлерімен жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасы талқыланды

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Департамент қызметкерлерімен жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасы талқыланды.
Білім беру жүйесіндегі негізгі құжаттардың бірі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт болып табылады. Қазіргі уақытта Ы. Алтынсарин атындағы КЕАҚ жаңа МЖМБС жобасы әзірленді, оның негізгі мақсаты білім беру сапасын арттыру.
МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге баса мән берілген, тәрбие бағытына, оның ішінде мынадай құндылықтарға басымдық беріледі: тәуелсіздік пен патриотизм; бірлік пен ынтымақтастық; әділдік пен жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік; жасампаздық пен жаңашылдық. Сондай-ақ, алғашқыларда МЖМБС тиімділігін бағалау енгізілді, «әлеуметтік GPA» жаңа ұғымы енгізілді. Сонымен қатар, МЖМБС шеңберіндегі пәндер мен сағаттар саны сақталды.
Әрбір қызметкер жоба бойынша сөз сөйлеп, бұл өзгерістер білім беру сапасын арттыру үшін қажет деген ортақ пікірге келді.