Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі салалық кеңесінің отырысына қатысуы

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі салалық кеңесінің отырысына қатысуы

2024 жылғы 29 қарашада Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің  лицензиялау бөлімінің басшысы А.Аленова Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер жөніндегі салалық кеңесінің отырысына қатысты.      

         Кездесу барысында облыстағы колледждер базасында жаңа мамандықтарды ашудың келешегі мәселесі талқыланды. Сонымен, Технология колледжінің директоры «Элеватор, ұн тарту, жарма және жем өндіру» мамандығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

         Кеңес мүшелеріне кәсіби кадрларға қажеттілік мониторингінің нәтижелері таныстырылып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мәселелері бойынша жұмыс берушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

         Кеңес жұмысының қорытындысы бойынша сұранысқа ие мамандықтар бойынша мамандарды дайындау және оқытудың жол картасы әзірленетін болады.