
Ағымдағы жылдың қазан айында департамент басшысы Г.К.Уздембаева азаматтардың 4 жеке қабылдауын өткізді, онда өтініш берушілер магистратураға ақы төлеуге, оқу ақысын уақтылы төлемеуге байланысты университетте сабақ алуға жол бермеуге, сондай-ақ колледждердің біріне бірінші басшы лауазымына қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді бұзуға қатысты түрлі мәселелер бойынша жүгінді.
Барлық мәселелер қаралды, тиісті ұсынымдар берілді, егер мәселе Департаменттің құзыретіне кірмеген жағдайда, түсініктемелер беріліп, қайда жүгіну керектігі туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ, бірінші басшы лауазымына тағайындау үшін конкурс өткізу рәсімін сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар, «Отбасы және балалар. Павлодар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Г.С. Құрманғалиевамен кездесіп, сондай-ақ облыстың Бала құқығы жөніндегі уәкілі С.С. Шакеневамен әңгімелесу ұйымдастырылды. Осы кездесулер шеңберінде облыс балалар қауіпсіздігі және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша проблемалық мәселелері, сондай-ақ осы бағыт бойынша одан әрі бірлескен өзара іс-қимыл жоспарлары талқыланды.