
Департамент басшысы «Отбасы және балалар. Павлодар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Г. С. Құрманғалиевамен кездесті.
Кездесу барысында Гүлмира Исабекова қоғамдық бірлестіктің қызметі, мақсаттары, міндеттері туралы айтып, жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ата-аналар жұртшылығымен жұмыс, сондай-ақ мектептердегі, балабақшалардағы проблемалар туралы толығырақ тоқталды.
Өз кезегінде Гүлнара Қайыртасқызы Департаменттің функциялары мен міндеттері бойынша түсініктеме беріп, Департаменттің қызметіне қатысты мәселелерге тоқталды.