
2024 жылғы 12 қыркүйекте М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Облыс әкімінің орынбасары А.Маликованың төрағалығымен Павлодар облысының білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңейтілген кеңеске Департамент басшысы Г.Уздембаева қатысты.
Кеңеске полиция департаменті, облыстық прокуратура мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, бала құқықтары жөніндегі уәкіл, әкімдердің орынбасарлары мен қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Маликова бірқатар тапсырмалар берді. білім басқармасына қалалар мен аудандар әкімдіктерімен бірлесіп білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауды күшейту және білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді туралы шаралар қабылдау тапсырылды.