
Диалог форматындағы кездесуде мектеп басшылары құжаттарды қайта мемлекеттік аттестаттауға дайындау бойынша сұрақтарға жауап алды. Мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері, тәртібі, сондай-ақ қайта аттестаттаудан өтпеу салдары мәселелері көтерілді.