Департамент 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар ұйымдастырды.

Департамент 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар ұйымдастырды.

Семинарға мемлекеттік аттестаттау мәселелеріне тікелей жетекшілік ететін қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің әдіскерлері де шақырылды.
Күн тәртібінде мемлекеттік қайта аттестаттау рәсімін дайындау және өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері қарастырылды. Семинар барысында мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері, тәртібі, сондай-ақ қайта аттестаттаудан өтпеу салдары мәселелері көтерілді.
Семинар қорытындысы бойынша білім беру ұйымының басшыларына ұсыныстар берілді. Қалалар мен аудандардың білім бөлімдеріне де тиісті ұсыныстар берілді.