
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйекте 133 мектеп басшылары мен қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің әдіскерлерінің қатысуымен «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Күн тәртібінде мемлекеттік аттестаттауды өткізу мәселелері, мемлекеттік бақылау нысандары, білім беру ұйымдарын бағалау критерийі, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері қарастырылды. Семинар-кеңес барысында білім беру ұйымдарының басшыларына мемлекеттік аттестаттау рәсімін дайындау, өткізу және білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын дайындау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау және ақша жинауға тыйым салу мәселелері талқыланды. Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдар басшыларына тиісті ұсыныстар берілді.
Облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдеріне мемлекеттік аттестаттауды дайындау және өткізу барысында білім беру ұйымдарына әдістемелік көмекті ұйымдастыру және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жоспар құра отырып, әрбір білім беру ұйымы бойынша мемлекеттік аттестаттау қорытындыларына талдау жүргізе отыра осындай бұзушылықтардың алдын алу бойынша пәрменді әдістемелік көмек көрсету және тиісті шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар берілді.