«Digital Kazakhstan: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз конференциясы жұмысына қатысуы

«Digital Kazakhstan: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз конференциясы жұмысына қатысуы

Ағымдағы жылдың 26тамызда департамент басшысыГ.К. Уздембаева тамыз конференциясы аясында өткен Павлодар облысының «Digital Kazakhstan: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің облыстық тамыз конференциясы жұмысына қатысып, жалпы республика бойынша 2023-2024 оқу жылының қорытындылары мен жаңа 2024-2025 оқу жылының негізгі міндеттерін атап өтті.

Сондай-ақ пленарлық бөлімге Павлодар облысының әкімі А.Қ.Байханов, it-талдаушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Т. Бектур, «EDCRUNCH» компаниясының негізін қалаушы, «EDCRUNCH ACADEMY» ЖШС бағдарламалық директоры Н.М. Қиясов қатысты.

Павлодар облысының әкімі А.Қ.Байханов педагогтерінің тамыз кеңесінде сөйлеген сөзінде цифрлық сауаттылықты қалыптастыру қажеттілігі туралы айтты. Облыстың Білім басқармасының басшысы С.О. Айтқазина Павлодар облысының 2023-2024 оқу жылының қорытындылары мен жаңа 2024-2025 оқу жылына арналған міндеттерді атап өтті.

Тамыз кеңесінде үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтіп, пленарлық бөлімі үздік педагогтарды марапаттаумен аяқталды.