Павлодар облысының нысаналы мектептері үшін «Блім беру сапасын арттыру: негізгі үрдістер» тақырыбындағы секциялық кеңестің жұмысына қатысуы

Павлодар облысының нысаналы мектептері үшін «Блім беру сапасын арттыру: негізгі үрдістер»  тақырыбындағы секциялық кеңестің жұмысына қатысуы

Ағымдағы жылдың 15 тамызда департамент басшысы Г.К. Уздембаева тамыз конференциясы аясында өткен Павлодар облысының нысаналы мектептері үшін «Блім беру сапасын арттыру: негізгі үрдістер» тақырыбындағы секциялық кеңестің жұмысына қатысты. Сондай-ақ, секция жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Талдау» АА Басқарма төрағасының кеңесшісі Д. К. Кукамбаева қатысты., Павлодар облысының білім беру басқармасының басшысы С.А. Айтқазина, Павлодар облысы бойынша ПК БАИ «Өрлеу» басшысы Р.Д. Ашимбетова, Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталық әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп басшылары мен басшы орынбасарлары, құзыреттілік орталық және нысаналы мектеп педагогтері қатысты. Іс-шараға облыстың түкпір-түкпірінен барлығы 150-ден астам педагог қатысты.
Экономиканың тұрақты дамуы үшін білім беру сапасын арттыру «Барлығына қолжетімді сапалы білім беру» Ұлттық баяндаманың негізгі мақсаты болып табылды. Кеңес барысында қатысушылар заманауи білім беру үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, тиімді оқыту мен білімді игеру әдістемесін, білім алушылардың білім сапасын арттыру тетіктерін талқылады.