​​Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделін енгізуде

​​Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделін енгізуде
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі барлық балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін оқытуға тең қолжетімділік мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бірқатар шаралар қабылдады.

📚 Жаңа ережелерге сәйкес білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделі іске асырылатын болады.

📊
 Бірінші деңгейде сынып жетекшілері мен мұғалімдер балаға сыныпта немесе топта сабақ кезінде қолдау көрсетеді. Екінші деңгей психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарын, оның ішінде педагог-психологтарды, әлеуметтік педагогтерді, арнайы педагогтер мен педагог-ассистенттерді тартуды көздейді. Қажет болған жағдайда үшінші деңгейде сурдопедагогтер, тифлопедагогтер және басқа да сарапшылар, бейінді мамандар қосылатын болады.

🗣️
«Бұл шаралар оқуда қиындықтары бар барлық балалар үшін білім беру қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Психологиялық-педагогикалық қолдаудың үш деңгейлі моделінің арқасында балалар өздерінің қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне барынша сәйкестендірілген қолдау алады», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.


💫
 Бұл шаралар әрбір бала үшін өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырады.

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы