Ағымдағы жылдың 16 мамырында Баянауыл аудандағы «Жас дәурен» облыстық оқу-сауықтыру орталығының мониторингі барысында «Жазғы бағдарлар-2024» жазғы демалысты, балаларды сауықтыру және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мәселелерінде тәжірибе алмасу бойынша семинар-практикумға қатысушылармен кездесу өткізілді.
Жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін білім бөлімдерінің мамандарымен, қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің өкілдерімен лагерьлерді жазғы демалысқа дайындау, жоспарлау, нормативтік құжаттар, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.