ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысы қалай ұйымдастырылатынын хабарлады:

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты мен демалысы қалай ұйымдастырылатынын хабарлады:

🔹 Ұйымдастыру ісіндегі барлық мәселе 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде пысықталуда. Осы мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Барлық демалыс орталықтарының тізімі әзірленіп, олардың дайындығы қамтамасыз етілді.
 
🔹 «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден келген оқушыларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан және ауылдық жерлерден келген көп балалы отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі.
 
➤ Жалпы, еліміз бойынша 2,9 млн бала жазғы демалысты 10 743 демалыс лагерінде өткізеді деп күтілуде: 10 мың – жыл бойы сауықтыру орталықтарында, 240 мың – қала сыртындағы орталықтарда, 2,6 млн – мектеп жанындағы лагерьлерде, 75 мың – шатырлар мен киіз үйлерде.
 
➤ Өңірлерде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша бірегей жобалар іске асырылады: «Ұлы Дала кереметі», «Jas galym», «Гастро туризм», «Бір күн қалада», «Қонақжай отбасы» және басқалары, бұл демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді.
 
Жаз маусымы қарсаңында Министрлік 120 мың педагог-ұйымдастырушыны арнайы даярлықтан өткізді. Қосымша 12 мыңнан астам студенттер мен еріктілер тартылады.

📱

 https://t.me/KZgovernment