eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа қызметі іске қосылды

eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа қызметі іске қосылды
Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-мен және ЦДИАӨМ-нің ҰАТ АҚ-мен бірлесіп eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді «Bilim» жаңа қызметін іске қосты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.
 
🗣
 Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова барлық қажетті деректерді топтастырып, оны азаматтар үшін аса қолайлы әрі қолжетімді еткен сервис туралы айтып берді.

««Bilim» - бірнеше бөлімдерден тұрады, онда білімі, оқуды аяқтауы туралы цифрлық құжаттары, қорғаншылық және қамқоршылық туралы ақпарат, баланың профилі және білім алушы туралы қосымша ақпарат қамтылған. Сондай-ақ педагогтер үшін «Педагог портфолиосы» қолжетімді. Мұнда мұғалімнің электрондық құжаты қалыптастырылады, онда еңбек өтілі, қызмет жолы, санаты, аттестаттаудан өтуі бойынша мәліметтер топтастырылған», - деп атап өтті вице-министр.

 
 Сондай-ақ сервисте қолданушыларға білім беру ұйымдары мен қолданушы арасындағы шартқа ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік берілген.
 
 Бұл сервиске өту үшін eGov Mobile қосымшасында «Bilim» бөлімін таңдау қажет.
 
📌
 Айта кету керек, қазіргі уақытта бөлімдерді ҚР азаматтарының білімдеріне қатысты қажетті деректермен толтыру жұмыстары жалғасуда.