15 сәуірден бастап Павлодар облысының мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды. Оған 73 орта білім беру ұйымдарындағы төртінші және тоғызыншы сыныптардан оқушылар қатысады.
Мониторинг оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Осыған орай тәуелсіз бақылаушылардың кезекшілігі ұйымдастырылды. ZOOM режимінде тікелей трансляция және бейнебақылау жүргізіледі.
Бірінші күні оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг сегіз орта білім беру ұйымдарында жүргізіледі.