​​📚 Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді

​​📚 Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді
💻

 Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ды құрайды. Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленуде.

«Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді», - деп атап өтті ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
📌

 Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.