Мемлекеттік аттестаттау бойынша мектеп директорларымен семинар

Мемлекеттік аттестаттау бойынша мектеп директорларымен семинар

Департаментте 2024 жылғы 1 наурызда мемлекеттік аттестаттауға жататын мектеп директорларымен семинар өткізілді.
«Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №12 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін бағалау өлшемшарттары (белгілері мен нақты өлшегіштері) бойынша түсініктемелер берілді.
Департаменттің 2024 жылғы 20 ақпандағы №36 бұйрығымен бекітілген Павлодар облысының білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 2024 жылы 238 мектеп, оның ішінде бір жекеменшік мектеп мемлекеттік аттестаттауға жатады.