Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде 1000 мектебін жаңғырту бағдарламасы бойынша Тереңкөл ауданы Қызылтан, Байқоңыс, №2 Песчан және №2 Текенов атындағы жалпы орта метептерінде мониторинг жүргізілді. Орта білім беру жүйесінде оң өзгерістер болды. Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу аяқталды, МЖМБС, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары жаңартылды. Оқыту мен бағалау жүйесі өзгерді. Білім беруді жаңғыртудың келесі қадамы мектептердің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіру болады. Қазіргі уақытта ауыл мектептерінің инфрақұрылымдық дамуы мен жарақтандырылуы едәуір төмен. Жаңа модификация кабинеттерімен ауыл мектептерінің 66% – ы (қала - 86 %), бейнебақылау жүйелерімен ауылдық жерлердегі мектептердің 71,5 % - ы қала мектептерінің 95 % - ы қамтылған.