2024 жылы 15 қаңтарда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету Комитетінің төраға орынбасары М.Т.Мелдебекова Павлодар қаласының білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді.

2024 жылы 15 қаңтарда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің  білім сапасын қамтамасыз ету Комитетінің төраға орынбасары М.Т.Мелдебекова Павлодар қаласының  білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді.

Кездесу барысында білім беру сапасын бақылау және бағалау мәселелері түсіндірілді, 2023 жылғы мемлекеттік аттестаттау қорытындыларының проблемалары талқыланып, мектепішілік бақылауды тиісті деңгейде жүргізу, Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДБ) мазмұнды және сапалы толтыру директорлардың назарларына жеткізілді. Майра Тургамбаевна, орта білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің, сыртқы және ішкі бағалау құралдарының мәселелеріне толығырақ тоқталды.
Сондай-ақ, бірнеше білім беру нысандарын аралап, қызметтерімен танысты (Павлодар қаласының №7 және 37 мектептері, №33 балабақша, М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы).