2023 жылдың 14 қыркүйегінде Павлодар облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті облыстың білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн жиын өткізді.

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Павлодар облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті облыстың білім беру ұйымдарының басшыларымен онлайн жиын өткізді.

     Жиынға 400-ден астам орта білім беру ұйымдарының басшылары мен аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
     Кездесуде оқу үдерісін ұйымдастыру үдерісінде бейресми жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды.
     Департамент басшысы Л. Т. Жакиянова өз сөзінде оқу үдерісін ұйымдастыру барысында келеңсіз жағдайлардың алдын алу туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.(білім беру ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру, білімалушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, мектептерде гардероб жұмысын ұйымдастыру, ішкі дәретханалардың жұмысын қадағалау, мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мәселесі, педагогикалық этиканы сақтау, жылыту маусымына дайындық, қорқыту проблемаларының алдын алу және т.б.)
      Сондай-ақ, жиын барысында басшы мектепішілік бақылау негізінде білім сапасын және барлық деңгейдегі басшылардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауын қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.
      Сонымен қатар, Л.Жақиянова білім бөлімдері мен білім беру ұйымы басшыларының түйткілді мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.