
2023 жылғы 26 сәуірде Департамент басшысының орынбасары Г. К. Уздембаева Екібастұз қаласындағы «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесіндегі мектептің рөлі мен орны» тақырыбындағы диалог алаңына білім беру мекемелеріндегі бала құқықтарын қорғаудың құқықтық нормалары, басшылардың да, білім алушылардың да, олардың ата-аналарының да және/немесе заңды өкілдерінің де міндеттерін сақтауы туралы сұрақпен қатысты және оқу-тәрбие процесі барысында туындайтын заңнамалық нормаларын сақталуын туралы баяндады.
Осы кездесуде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, кәмелетке толмағандарға жыныстық тәрбие беру, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен ата-аналарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне назар аударылды.
№ 6 мектеп-лицейінің басшысы Т.Ж. Наушев «Жасөспірім және заң» пилоттық жобасы жұмысының нәтижелерін ұсынды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде Н.С.Покидова өз қызметі туралы айтып, мектеп басшыларына ата-аналардың білім беру қызметтері мәселелеріндегі өтініштерін талдауды ұсынды.
Қалалық мәслихат депутаты Татьяна Шмидт отбасылық құндылықтарды жаңғырту және балаларды ұлттық дәстүрлер аясында тәрбиелеу мәселесінде ата-аналармен жұмысты жандандыруды, сондай-ақ патронаттық тәрбие туралы заңнамаға патронаттық тәрбиешіге қойылатын талаптардан педагогикалық білімнің болуын алып тастау сынды өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл патронаттық отбасылардың санын көбейтуге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларда тәрбиелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әкімнің орынбасары Бибігүл Сағынтайқызы диалог алаңын қорытындылай келе, білім беру мекемесі басшыларының назарын жасөспірімдермен жұмыста профилактиканың жаңа нысандарын пайдалана отырып, профилактикалық жұмысты күшейтуге аударды.
Әкімнің Диалог алаңының жұмысына сондай-ақ: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы И. Темиргалиева, № 2 емхананың әйелдер кеңесінің меңгерушісі Г.Б. Мулдашбаева, КЗК аға инспекторы Ж.Е. Калиханова, «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ директоры Н.А. Абдрахманова, мектеп басшылары және олардың тәрбие және профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қалалық комиссияның мүшелері қатысты.
Күннің екінші жартысында мен № 6 арнайы мектеп-интернаты, «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы, «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру», № 2 емхана «Жастар денсаулық орталығы», Балаларды қолдау орталығы, Жасөспірімдер үйі сияқты білім беру нысандарының жұмысымен танысты.