
Отырыста Павлодар, Ақсу қалалары, Ертіс ауданы білім бөлімдерінің өкілдері облыс педагогтарының педагогикалық әдепті бұзған жағдайлары бойынша тыңдалды.
Білім бөлімдерінің ақпараты бойынша жергілікті жерлерде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестердің отырыстары, Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру бойынша педагогикалық әдеп қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Консультативтік-кеңесші орган отырысының қорытындысы бойынша осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша ұсынымдар берілді.