
Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша өңірдің білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды (МІБ) ұйымдастыруға мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Қазіргі уақытта мониторингтік іс-шаралар Ақсу қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде өткізілуде. Жұмыс мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың тиімділігін зерделеуге және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мониторинг барысында Департамент қызметкерлері бекітілген нысанға сәйкес мектептер ұсынған материалдарды талдайды, мектепішілік бақылау іс-шараларын жоспарлау мен іске асыруды, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін, әдістемелік бірлестіктердің қызметін, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын, сондай-ақ қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалайды.
Мониторинг жүргізу мектепішілік бақылауды ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін анықтауға, басқарушылық қызметті жетілдіру бағыттарын айқындауға және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім беру ұйымдарына қажетті әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.