Департамент қызметкерлері оқыту семинарына қатысты

Департамент қызметкерлері оқыту семинарына қатысты

 

Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті ұйымдастырған оқыту семинарына қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі ұсынымдарды сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысын реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың өзекті талаптарымен және заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған шаралармен таныстырылды.

Осындай іс-шараларға қатысу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, адалдық қағидаттарын нығайтуға және қызметтік қызметте кәсіби әдептің жоғары стандарттарын сақтауға ықпал етеді.