Азаматтардың өтініштері негізінде Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Павлодар қаласының №96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

📌 Азаматтардың өтініштері негізінде Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Павлодар қаласының №96 сәбилер бақшасы – «Радуга» үйлесімді даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында білім беру ұйымының құжаттары мен өтініштерде көрсетілген мән-жайлар зерделенді.

✅ Тексеру нәтижесінде өтініштерде көрсетілген фактілер өз растауын тапты. Мектепке дейінгі ұйым қызметінде Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.

📋 Анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындау мерзімдері белгіленген нұсқама берілді.

⚖️ Сонымен қатар, лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.

Департамент білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуына бақылауды жалғастырып, азаматтардың әрбір өтініші бойынша өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайды.