Ақтоғай ауданы білім беру бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді

Ақтоғай ауданы білім беру бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді
Ақтоғай ауданы білім беру бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді
Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына сәйкес Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі қызметіне жоспарлы тексеру жүргізді. Тексерудің негізгі мақсаты білім беру бөлімінің қызметінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігін бағалау болды.
Тексеру барысында ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік функциялардың орындалуы және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері зерделенді.
Тексеру қорытындысы бойынша заңнама талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар берілді.