Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімі мамандары «Павлодар технологиялық колледжі» ШЖҚ-дағы МКК мен «Тереңкөл ауданының аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК-да рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Аталған колледждер техникалық және кәсіптік білім беру мамандығы бойынша лицензияға қосымша алу үшін «E-license» АЖ арқылы өтініш берген.
Колледждер өңірде үлкен сұранысқа ие «Наубайхана, макарон және кондитерлік өндіріс», «Агрономия» мамандықтары бойынша орта буын мамандарын даярлауды жоспарлап отыр.
Колледждер тарапынан қосымша алу үшін қажетті құжаттар сапалы дайындалған, арнайы пән оқытушылары тиісті бейін бойынша курстық дайындықтан және өндірісте тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, қажетті жабдықтар сатып алынып, оқу зертханалары жарақтандырылды, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алынды. Барлық жұмыс жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен тығыз іс-қимыл мен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда.