
Бүгін ағымдағы жылы білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Департаменттің білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссиясы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, беруден бас тарту мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Отырыста үш орта білім беру ұйымының құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптаудың алдын ала нәтижелері, сондай-ақ комиссия қызметінің 2026 жылғы ұйымдастыру мәселелері қаралды.