
«Бірлік жалпы орта білім беру мектебі» КММ өтініші негізінде Департамент қызметкерлері лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны бергенге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша рұқсат беру бақылауын жүргізді.
Аталған бақылау шарасы 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» № 202-V ҚРЗ Заңына сәйкес жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда аталған мектепте білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін құжаттардың толық пакеті бар.