
Жұмысшы мамандықтары жылының соңында аймақтағы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес «Ақсу қара металлургия колледж» ШЖҚКМК «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» жаңа мамандығы бойынша білікті кадрлар даярлауды жоспарлап отыр.
Аталған колледжде Департаменттің лицензиялау бөлімінің мамандары лицензияға қосымшаны беру кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында рұқсаттық бақылауын жүргізді.
Колледж оқу процесін жүзеге асыру үшін тиісті оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алды, шеберханалар мен зертханалар заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандырылды, арнайы пәндер оқытушылары өндірісте тағылымдамадан өтті.
Барлық жұмыс «ERG Service» ЖШС қолдауымен және жұмыс берушімен ынтымақтастықта жүргізіледі.