Павлодар қаласындағы мектептердің бірінің басшысымен ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғау мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесу өткізілді.

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес (15-бап, 1-тармақ, 10-тармақша), педагогтер кәмелетке толмағандардың немесе оларға қарсы жасалған құқық бұзушылық фактілері туралы дереу құқық қорғау органдарына және мектеп басшылығына хабарлауға міндетті. Бұл педагогке өзінің кәсіби қызметіне байланысты мектептен тыс жерде белгілі болған жағдайларға да қатысты. Мұндай фактілер туралы хабарламағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған: жеке тұлғалар (педагогтер) үшін: 5 АЕК мөлшерінде айыппұл, лауазымды тұлғалар (басшылық) үшін: 10 АЕК мөлшерінде айыппұл.
Егер іс-әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса (ҚР ҚК-нің 434-бабы), әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы Департамент толтырады және түпкілікті шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жолдайды.
Уақтылы ақпарат беру — бұл, ең алдымен, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету!