Уполномоченный по этике Муликова Ж.К. провела очередное совещание с сотрудниками Департамента

Уполномоченный по этике Муликова Ж.К. провела очередное совещание с сотрудниками Департамента

Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Муликова Департамент қызметкерлерімен кезекті кеңес өткізді. Жиында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мәселелері қаралды.
2025 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына жауапкершілікті, ашықтық пен кәсібилікті күшейтуге бағытталған айтарлықтай түзетулер енгізілді. Оның ішінде бұрынғы лауазымдарда жасалған теріс қылықтар үшін «жауапкершілік ізі» (шлейф ответственности), мемлекеттік қызметке кіру шарттарын нақтылау (соның ішінде сыбайлас жемқорлық немесе табыстардың сәйкес келмеуі себебінен жұмыстан босатылғаннан кейін келісімшарттық қызметке екі жылдық тыйым салу) және жаңа әдеп нормаларын енгізу, сондай-ақ тестілеу тәртібі мен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын біліктілік талаптарындағы өзгерістер бар.
Бұдан бөлек, Ж.К. Муликова мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, соның ішінде мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық орындарда асқан ысырапшылдық пен ерсі мінез-құлыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің бейнесіне нұқсан келтіруі немесе қоғамда теріс пікір тудыруы мүмкін мерекелік шаралардан фото және видео жариялаудан тартыну қажеттігі туралы ескерту жасалды.
Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, қызметтік міндеттерін орындағаны үшін сыйлықтар алуға тыйым салынатыны қатаң ескертілді. Өйткені Әдеп кодексін сақтау — жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да біздің басты міндетіміз болып қала береді.