
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған білім беру саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру кестесіне сәйкес Департамент қызметкерлері аталған бақылау түрін жүзеге асырды.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, сондай-ақ рухани білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыру шеңберінде білім беру ұйымы білім беру қызметін алған лицензиясына сәйкес жүзеге асырады және оның қолданылу мерзімі ішінде білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ аталған талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтауға міндетті.
Білім беру ұйымы тарапынан біліктілік талаптарының сақталмауына әкімшілік жауапкершілік көзделген.