
Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменіті 2025 жылғы 12 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарының 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың тізімін бекіту туралы» №109 бұйрығын орындау барысында білім беру мекемлер қызметкерлерінің кәсіби қызметін жетілдіру және білім беру ұйымдарының жұмысын нормативтік талаптарға сәйкестендіру мақсатында ағымдағы жоспарға сәйкес бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстарын жоспарлы жүзеге асыруда. Осыған орай, желтоқсан айында облыстағы 5 білім беру мекемесінде Департамент қызметкерлері бару арқылы профилактикалық бақылау шараларын өткізді.
Бақылау барысында білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі көрсеткіштер, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогтердің құжаттарды жүргізу тәртібі, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының орындалуы назарға алынды.
Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты – бұзушылықтарды анықтау емес, білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету, нормативтік-құқықтық талаптарды түсіндіру және білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бақылау нәтижелері бойынша білім беру мекемесіне қызметті жетілдіруге қатысты ұсыныстар беріліп, кейбір бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама бере отыра жою мерзімдері талданды. Департамент алдағы уақытта да бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстарын жалғастырып, білім беру ұйымдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізуді көздейді.