Апта ішінде Департамент басшысы Г. Уздембаеваның жеке қабылдауына Тереңкөл ауданынан және Жетекші ауылынан ата-аналар жазылды.

Апта ішінде Департамент басшысы Г. Уздембаеваның жеке қабылдауына Тереңкөл ауданынан және Жетекші ауылынан ата-аналар жазылды.

Апта ішінде Департамент басшысы Г. Уздембаеваның жеке қабылдауына Тереңкөл ауданынан және Жетекші ауылынан ата-аналар жазылды.
Өтініш берушілер ата-аналар мен педагогтар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері және баланы мектепке қабылдау кезінде ата-аналар (заңды өкілдер) мен мектеп арасында міндетті түрде шарт жасасу мәселесі бойынша жүгінген.
Қабылдау қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. «Білім туралы» ҚР Заңына және 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының (республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мамандандырылған олимпиада резерві мектеп-интернат-колледждерін және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың спортта дарынды балаларға арналған 12 жастан бастап мектеп-интернаттарын қоспағанда) 1-тарауының 5-тармағына сәйкес: «Оқушыларды білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары балалардың немесе оқушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгі шартының 2-қосымшасына сәйкес білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады. Бала мектепке қабылданған және ауыстырылған кезде ата-аналармен шарт жасасу қажет».