
Департамент басшысы Г.Уздембаева негізгі қызметтің маңызды мәселелері бойынша қызметкерлермен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңесте бөлім басшыларының есептері тыңдалып, келесі басым бағыттар талқыланды: мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жоспарлау және ұйымдастыру, қараша-желтоқсан айларына жоспарланған барып алдын алу бақылауы мен жоспардан тыс тексерулер кестелері.
Сонымен қатар, білім беру қызметін лицензиялау мәселелері және білім туралы құжаттарға апостиль қою рәсімдері туралы сұрақтар мен Департаментке келіп түскен өтініштерді уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету.
Күнтізбелік жылдың аяқталуына байланысты қаржыландыру және қаражатты тиімді игеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша бөлім басшыларына келесі мәселелерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды: барлық бақылау іс-шараларын орындау кестелерін сақтау, Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша міндеттерді уақтылы және толық орындау.