
Жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2025 жылғы 8 қазанда Департамент мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша құқықтық оқыту өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен жүргізілген мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сыртқы мониторингінің нәтижелері талданды.
«e-license» порталына келіп түскен өтініштерді тіркеу мерзімдеріне қатысты түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ дәлелді бас тарту жобасын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сілтеме жасау ұсынылады.
2025 жылдың басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты азаматтардан немесе заңды тұлғалардың өкілдерінен өтініштер мен шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.