Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді

Департамент білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді. Іс-шараға 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 63 білім беру ұйымының өкілдері қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға аттестаттаудан өту үдерісінің барлық кезеңдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, білім беру ұйымдары басшыларын қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Семинар қатысушыларға мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өту үшін қойылатын талаптар мен рәсімдерді толық түсінуге мүмкіндік берді.