Бір апта ішінде Департамент басшысы Г.К.Уздембаева азаматтарды жеке қабылдау бойынша 2 қабылдау өткізді

Бір апта ішінде Департамент басшысы Г.К.Уздембаева азаматтарды жеке қабылдау бойынша 2 қабылдау өткізді

Бір апта ішінде Департамент басшысы Г.К.Уздембаева азаматтарды жеке қабылдау бойынша 2 қабылдау өткізді. Онда ұстаздардың дипломдарының олар оқытатын пәндерге және бейінді біліміне сәйкестігі, сондай-ақ білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау мәселелері қаралды.
Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес, педагогтердің білімі олар жүргізетін пәнге және олардың лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды жою бойынша дайындық барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерінің және комиссияның әдістемелік ұсынымдарының талаптарын қатаң сақтау қажет.