Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссия отырысына департамент басшысы Г.К.Уздембаева қатысты.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссия отырысына департамент басшысы Г.К.Уздембаева қатысты.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.К.Маликованың төрағалығымен өткен Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссия отырысына департамент басшысы Г.К.Уздембаева қатысты.
Отырыста өңірдегі білім беру саласын дамыту және жастарды жұмыспен қамтуға қатысты негізгі мәселелер қаралды. Білім беру ұйымдарындағы кадр саясатына, оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазіргі уақытта Павлодар облысының білім беру жүйесінде, оның ішінде балабақшалар, мектептер мен колледждерде 23 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Олардың 4 мыңнан астамы – жұмыс өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар. Жас кадрлардың өсуі байқалады: егер 2023 жылы білім беру саласына 190 адам келсе, ағымдағы жылы олардың саны 329-ға жетті, оның 162-сі ауыл мектептеріне жұмысқа орналасты.
Оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру үшін облыста 71 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның 38-і мемлекеттік. Өткен жылдан бастап Екібастұзда «Самғау» орталығы іске қосылды, ал бұған дейін Павлодарда «Алтын сақа» орталығы ашылған болатын. Бұл орталықтардың қызметі көптеген баланы түрлі шығармашылық үйірмелер мен секцияларға тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мәдениет саласында «Артспорт» бағдарламасы аясында түрлі үйірмелер мен секциялар ұсынатын 500-ден астам ұйым жұмыс істейді.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша колледж түлектерін жұмыспен қамту деңгейі 99%-ға жетті. Бұл жастарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін және жұмыс берушілермен тығыз байланыстың бар екенін көрсетеді.