
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Департамент басшысы Г.К.Уздембаева азаматтарды жеке қабылдау бойынша 4 кездесу өткізді. Өтініш берушілер келесі мәселелер бойынша жүгінген: педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдау және олардың дипломдарының оқытылатын пәндерге сәйкестігі; педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау; педагогикалық этика нормаларын сақтау.
Қабылдау қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. ҚР «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарына сәйкес, оқытушылардың білімі олар жүргізетін пәнге және олардың лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс. Білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтері педагогикалық этика нормаларын қатаң сақтауға міндетті.
Сондай-ақ, қабылдау барысында білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау және білім беру мекемелеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мәселелері бойынша консультациялар берілді.