Департамент қызметкерлері, облыс білім басқармасы, инновациялық орталық және «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен бірлесіп, барлық оқу орындарына барып, мониторинг жүргізді.

Департамент қызметкерлері, облыс білім басқармасы, инновациялық орталық және «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен бірлесіп, барлық оқу орындарына барып, мониторинг жүргізді.

25-29 тамыз аралығында облыстың барлық мектептерінде педагогикалық кеңестер өткізілді. Департамент қызметкерлері, облыс білім басқармасы, инновациялық орталық және «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының өкілдерімен бірлесіп, барлық оқу орындарына барып, мониторинг жүргізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша, педагогикалық кеңестерді өткізу форматы талаптарға сай болған, ал күн тәртібі толықтай орындалған. Педагогтерге ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев пен Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың тамыз конференциясында сөйлеген сөздерінен бейнероликтер көрсетілді.
Педагогикалық кеңестерде келесі мәселелер талқыланды: 2025–2026 оқу жылына арналған Нұсқаулық-әдістемелік хат, «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы, білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу, педагог мәртебесін арттыру, олардың құқықтарын қорғау және академиялық адалдық ережелерін сақтау және жаңа оқу жылының бағыттары, мақсаттары мен міндеттері тындалып, 2025–2026 оқу жылына арналған мектептің жылдық жұмыс жоспары мен педагогтердің оқу жүктемесі бекітілді.
Осы маңызды талқылаулардың қорытындысында барлық жоспарланған міндеттер мен мақсаттар табысты жүзеге асырылады деген үміт білдіріледі. Жаңа 2025-2026 оқу жылы білім беруді дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған барлық бастамалардың жаңа жетістіктері мен табысты енгізілу кезеңі болсын.